Жол қауіпсіздігі. Жыл басынан бері 70-тен астам бала қаза тапты

4 Шілде 2022, 11:39
2023
Бөлісу:
Жол қауіпсіздігі. Жыл басынан бері 70-тен астам бала қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 1,2 мыңнан астам ЖКО тіркелді, онда 70-тен астам бала қаза тауып, 1,5 мыңға жуық жасөспірім жарақат алды. Мәселен, 2022 жылғы 28 маусымда Қарағанды облысының аумағында Нұра өзені арқылы өтетін көпірде Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі басып озамын дегенде, қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан екі жүргізуші де қаза тапты, сондай-ақ автокөліктердегі 9 жолаушы ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 бала, - деді Боранова. 

Оның айтуынша, сол күні Батыс Қазақстан облысының аумағында "Орал-Атырау" автокөлік жолында Nissan Almera автокөлігінің жүргізушісі аударылып кеткен. 

Салдарынан жүргізуші мен 2 жолаушы қаза тапты, оның ішінде 1-і бала. Қоғамда жолдарда дөрекілікке, батылдыққа және бассыздыққа, алкогольді немесе одан да сорақысы, есірткіге масаю күйінде көлік жүргізуден қатаң бас тарту керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы