Жетісуда қант қызылшасы алқабы ұлғайтылады

2 Шілде 2022, 21:42
1393
Бөлісу:
Жетісуда қант қызылшасы алқабы ұлғайтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу облысындағы қант қызылшасы алқабын ұлғайту үшін су ресурсы мәселесін шешу керек. Сондай-ақ, жергілікті зауыт пен шаруашылықтар арасында тығыз байланыс орнатылуы маңызды. 

Бұл туралы аймақ басшысы Бейбіт Исабаев Ақсу ауданына барған сапарында айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұзақ жыл тоқтап тұрған тұрған Ақсу қант зауыты іске қосылғаннан кейін оның жобалық қуаты 450 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге жеткен. Шикізат жетіспеушілігі туындағандықтан, зауыт қамыс қантын өңдеу желісін де іске қосу жұмыстарына кіріскен. Осы орайда, облыс әкімі қант қызылшасының алқабы бірте-бірте ұлғайтылатынын айтты. 

Ең алдымен, суаратын судың мәселесін шешуіміз керек. Қазір суару каналдарын қайта жаңғыртып, қалпына келтіріп жатырмыз. Қант қызылшасын да, қант қамысын да қатар өңдейміз. Көксу қант зауыты соның арқасында жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Осындай жүйеге Ақсу зауыты да көшуі керек, - деді Бейбіт Исабаев.

Өзгелердің жаңалығы