Жер бетінде босқын саны 100 миллионнан асты – БҰҰ

25 Мамыр 2022, 02:22
1626
Бөлісу:
Жер бетінде босқын саны 100 миллионнан асты – БҰҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер бетінде өз үйлерін тастап өзге жерге босып кеткендердің саны 100 млн-нан асты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олардың ішінде ел ішінде қоныс аударып, шет ел асқан босқындар да бар. Бұл БҰҰ-ның ұсынған мәліметі. Айтуынша, соңғы жылдары статистиканың күрт өсуіне Ресей мен Украина арасындағы қарулы-қақтығыс септігін тигізді. Бұған қоса өзге елдердегі жанжал мен экономикалық дағдарыстың белең алуы, адам құқығының бұзылуы мен қылмыстың өршуі де жағдайдың ушығуына себеп, – дейді мамандар. 

Айта кетейік, Украинада әскери шиеленіс басталғалы 8 млн азамат ел ішінде қоныс аударды. Тағы 6 млн-нан астамы өзге елге көшуге мәжбүр болды.

Өзгелердің жаңалығы