Жеңілдетілген автонесие: көлік сапасына ешқандай күмән болмауы керек - Сейпілов

23 Мамыр 2022, 12:29
1346
Бөлісу:
Жеңілдетілген автонесие: көлік сапасына ешқандай күмән болмауы керек - Сейпілов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жеңілдетілген автонесиемен беріліп жатқан көліктерге сапа жағынан ешқандай күмән болмауы керек.

Бұл туралы «Қазақстан автобизнес қауымдастығының» өкілі  Ербол Сейпілов айтты.

Елімізде шығарылатын әрбір көліктердің бәрі халықаралық талаптарға сай. Өйткені көліктерді шығарар алдында бірнеше тексеруден өткізіледі және шығарар кезде көлікті мақұлдау түрінің арнайы құжаттары болады. Бұл құжатты алу қиынға соғатын процедура. Оның ішінде еуропалық хаттамалар, сертификаттар және декларациялар бар. Мұның бәрі жинақталып келіп, көліктің мақұлдау типі алынады. Сол себепті сапасы жағынан тексеріледі. Дүнижүзілік тәжірибе бойынша әрбір бренд шығарушы зауыт көліктері жіті тексеріледі. Сол себепті сапа жағынан ешқандай күмән болмауы керек, - деді Ербол Сейпілов.

Сонымен қатар «Өнеркәсіпті дамуту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әдидің айтуынша, жеңілдетілген несиені беруші банктер қатарына Forte Bank қосылады.

Қазіргі уақытта автонесиелеуді «Банк ЦентрКредит», Eurasian Bank және Halyk Bank қабылдап отыр. Бүгіннен бастап Forte Bank-те қабылдай бастайды, - деді ол жеңілдікпен автонесиелеудің алғашқы қорытындылары туралы баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы