Жеңілдетілген автонесие: азаматтар қандай брендтегі көліктерді ала алады?

23 Мамыр 2022, 12:01
3035
Бөлісу:
Жеңілдетілген автонесие: азаматтар қандай брендтегі көліктерді ала алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі  Ербол Сейпілов айтты.

Автонесиелеу бағдарламасы аясында 5 бренд қатысып отыр. Олар Kia, Hyundai, JAC, Chevrolet және LADA көліктері. Осы брендтер  бойынша 32 модель бар. Олар Қостанай қаласындағы СарыарқаАвтоПром зауытындағы  - 27 модель, Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы 5 модель қатысып отыр. Қазір 4 мыңнан астам адамның өтінімі мақұлданып, көліктер біртіндеп беріліп жатыр. Қазір зауыттарда көліктер жеткілікті ме деген сұрақ көбін мазалағаны сөзсіз. Қазіргі кезде бірінші кезеңге 8 мыңнан астам көлік дайын тұр және маусымның  аяғынан бастап тағы 8 мың көлік жеңілдетілген автонесиеге дайын болады, - деді Ербол Сейпілов. 

Сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашеваның айтуынша, бағдарлама басталған сәттен бері 14 507 өтінім қабылданған.

Оның ішінде 4 834 жеке тұлғаға 35,7 млрд теңге мақұлданса, 34 көлік сатып алынды: Нұр-Сұлтан – 11, Алматы – 4, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 4, Павлодар облысы – 4, Шымкент – 6 автомобиль, - деді Жанар Ибрашева.
 

Өзгелердің жаңалығы