Жеке көмекші қызметі кімге тиесілі?

27 Қаңтар 2022, 18:21
1825
Бөлісу:
Жеке көмекші қызметі кімге тиесілі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда өздігінен жүріп-тұра алмайтын бірінші топ мүгедектігі бар азаматтар мемлекет қаржысы есебінен жеке көмекші қызметін пайдалана алады.

Қызмет ХҚКО немесе egov.kz порталы арқылы тегін рәсімделеді.

Қызметті онлайн алу үшін:

1. Порталға авторизация арқылы кіріңіз де, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» қызметін табыңыз;

2. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз және өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз;

3. Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетіңізге келеді.

Қызметті ХҚКО-да алу үшін:

1. Өтініш;

2. Жеке басын куәландыратын құжат;

3. Мүгедектігі бар адамның атынан жүгінсеңіз сенімхат керек.

Екі жағдайда да қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.

Клиентке жауап СМС-хабарлама арқылы жолданады.

Өзгелердің жаңалығы