Жас қазақстандықтар «Елбасы медалі» иегері атанды

28 Маусым 2022, 18:10
1665
Бөлісу:
Жас қазақстандықтар «Елбасы медалі» иегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас қазақстандықтар «Елбасы медалімен» марапатталды.

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі.

Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады.

Жобаға 20 мыңнан аса жас бала қатысты. Олар спорт, мәдениет және шығармашылықта өз дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде 605 медаль иегеріне білім гранттары берілді. Олардың 30%-ы ауыл мектептерінің түлектері. Әрине, біз қатысушыларымызды мақтан тұтамыз. Олар жаңа Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосатындардың қатарында болып, лайықты азамат атанады деп санаймыз, - деді «Елбасы Академиясының» директоры Асланбек Әмрин.

Жобаға қатысқандардың ішінен 34-і алтын, 196 – күміс, 7 329 қола медальға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы