Жас дипломаттар «Уақыт капсуласын» салды

1 Шілде 2022, 11:36
1663
Бөлісу:
Жас дипломаттар «Уақыт капсуласын» салды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференциясы аясында жас жипломаттар «Уақыт капсуласын» салды.  

Жас дипломаттар «Уақыт капсуласын» салды

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломатиядағы ең жас қызметкерлер «Уақыт капсуласын» салатынын айтты. 

Бұл капсуланы өздері ұйымдастырған. Енді ол 30 жылдан кейін ашылады. Іс-шараны өткізуге біздің ардагерімізді, аса құрметті Қуаныш Сұлтановты шақырып жатырмыз. Жастарға өз батасын беріп, капсуланы таспырса дейміз, - деді Тілеуберді. 

Жас дипломаттар «Уақыт капсуласын» салды

Қуаныш Сұлтанов жас әріптестерін мерекемен құттықтады. 

Жас дипломаттар «Уақыт капсуласын» салды

Айтулы мерекенің мазмұны мен оның халықаралық маңызы біздің мемлекетіміздің мәртебесі үшін, елдің дүниежүзілік қоғамдастықтағы айрықша орны үшін нық. Мен ардагер ретінде бізді де тарихымызды құрметтеп, алғашқы дүниежүзілік қоғамдастыққа кеп тұрған шағымызда жаңадан аяғына тұрғызуға,  қалыптасуына қатысқанымыз үшін мен өзімді бақытты санаймын. Бүгінгі дипломаттарымыз бізден әлдеқайда озық, білімді екеніне көзіміз жетіп отыр. Алдағы 30 жылды 60 жылға, 60 жыл 100 жылға ұласатынына кәміл сенемін. Қазақтың көк Туын ең жоғары, озықтың биігінде ұстап жүретіндеріңізге сенгім келеді. Аға ұрпақ атынан «Уақыт капсуласын» Алтынай Дәрібаева мен Дамир Ахметовке тапсырамын, - деді Сұлтанов.

Жас дипломаттар «Уақыт капсуласын» салды

Жас дипломат Алтынай Дәрібаева ұрпаққа аманаты бар «Уақыт капсуласын» салу олар үшін үлкен мәртебе екенін айтты. 

Жас дипломаттар «Уақыт капсуласын» салды

Осындай құрметке лайық деп танылғанымызға қуаныштымыз. Бүгінде біздің еліміз - халықаралық қауымдастықтың белді мүшесі. 30 жыл ішінде отандық дипломатия едәуір жетістікке қол жеткізді. Осы сәтте тәуелсіздігіміз мәңгі болсын деп тілейміз. Біз, жас дипломаттар Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосып, аянбай қызмет етуге дайынбыз, - деді Дәрібаева. 

Жас дипломаттар «Уақыт капсуласын» салды

Жас дипломаттар Сыртқы істер министрлігінің жанында «Уақыт капсуласын» салды. Ол 30 жылдан кейін ашылады. 

Өзгелердің жаңалығы