Вакцина алған оқушылар штаттық режимде білім ала алады – Жамангозов

17 Қаңтар 2022, 16:27
1384
Бөлісу:
Вакцина алған оқушылар штаттық режимде білім ала алады – Жамангозов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Облыс мектептері ІІІ оқу тоқсанды ұйымдастыру шараларын бастады. Облыстың 600-ден астам облыс және ауданында орналасқан барлық білім беру ұйымы қашықтан оқытуға ауысты. Оқушылардың санына қарамастан барлық ауылдық мектеп пен білім алушылар саны 600 оқушыға дейінгі қалалық мектеп штаттық форматта жұмысын жалғастырып жатыр. Оқытуды штаттық режимде жалғастыру «Бір кабинет-бір сынып» қағидаты және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы бойынша ұйымдастырылды, - деді ол. 

Жамангозовтың айтуынша, облыстың 478 білім беру ұйымында 245 мыңнан астам оқушы білім алады. 

Вакцина алған оқушылар мектепте штаттық режимде білім ала алады. Егер олар мұны өздері қаласа, әрине, - деді Бейқұт Жамангозов.

Өзгелердің жаңалығы