Ұлытау облысына жүрдек пойыз қатынайды

10 Тамыз 2022, 22:33
1559
Бөлісу:
Ұлытау облысына жүрдек пойыз қатынайды

Осыған дейін тек асықпайтын пойыздар жүрген Ұлытау облысына қыркүйектен «Тальго» жүрдек пойызы қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті.

Яғни «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» және «Алматы-2 – Жезқазған» бағыттары ашылады. Алматы пойызы 5 қыркүйекте жолға шықса, елордадан жүретін тасымалдаушы таяуда анықталады. Бұл пойыздар күнара қатынайды.

Өзгелердің жаңалығы