ҰКП жаңа басшы қашан сайланатынын айтты
17 Қаңтар, 15:27 708

ҰКП жаңа басшы қашан сайланатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың күзінде Төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай мәлімдеме жасады.

Бүгін Тимур Құлыбаевтың «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы қызметіндегі өкілеттігі өз еркімен тоқтатылды. Ұлттық палата заң нормаларына сәйкес құрылған барлық жұмыс істеп тұрған басқару органдары (төралқа мен басқарма, өңірлік кеңестер мен өңірлік палаталар) штаттық режимде жұмыс істей береді. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тәртіпсіздіктерден зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты бастады - делінген жазбада.

Палатаның мәліметінше, отандық бизнес локдаун және қатаң карантинсіз жұмыс істеуін жалғастыруы маңызды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда белгілеген тапсырмаларын орындау үшін үлкен жұмыс атқару керек. Төралқа төрағасын съезд сайлайтынын ескере отырып, төралқаның кезекті отырысында оның мүшелері төраға міндетін уақытша атқарушының кандидатурасын айқындайды. Біз «Атамекен» ҰКП сайлау жүйесін нығайту жұмысын жалғастырамыз. 2020 жылы өңірлік кеңестерде сайлау өткізілді. Жақын арада ҰКП басқармасы бизнес-қоғамдастықтың талқылауына бұрыннан келе жатқан мәселе – төралқа жанындағы салалық комитеттерінің мүшелерін тиісті салалардың кәсіпкерлері етіп сайлау тәртібін шығарады. Нәтижесінде 2022 жылдың күзінде кезекті съезге қарай Съезд және Төралқаның жаңа делегаттар құрамы жаңарады. Басқарудың жоғарғы органы ретінде Съезд өз уәкілеттігі аясында Төралқа төрағасы мен құрамы, сондай-ақ басқарма құрамына қатысты шешімін шығарады, - деп жазды «Атамекен» ҰКП.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...