ТЖ кезінде зардап шеккен заңды тұлғалардың несиелері кейінге қалдырылады

20 Қаңтар 2022, 16:47
1172
Бөлісу:
ТЖ кезінде зардап шеккен заңды тұлғалардың несиелері кейінге қалдырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директорының орынбасары Ернар Оразбаев айтты. 

Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер мен азаматтар өз қызметтерінде жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Өз кезегінде бұл табыстың төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар көптеген шағын бизнес субъектілері шығынға ұшырады. Енді бүлінген мүлікті қалпына келтіру сондай-ақ қалыпты бизнес режимін қалпына келтіруге уақыт керек, -деп мәлімдеді ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директорының орынбасары. 

Оның мәлімдеуінше, ахуалға орай агенттік осы айда банктермен, микроқаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізген. 

Біріншіден, несиелер мен микрокредиттердің барлық түрлері бойынша төлемдердің кейінге қалдырудың бірінғай тәртібі қабылданды. Зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, үш айға төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Екіншіден, кредиттер мен микрокредиттер бойынша жеңілдік кезеңінде барлық банк пен микроқаржы ұйымдары тұрақсыздық айыбын және өсімқұлды есептемейді. Мерзімі өткен сияқыны капиталдандыруға жол берілмейді, -деді Ернар Оразбаев. 

Өзгелердің жаңалығы