Торонтодағы турнир: Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

11 Тамыз 2022, 11:23
1380
Бөлісу:
Торонтодағы турнир: Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонтодағы турнирдің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сілтеме жасап. 

Екінші айналымда отандасымыз испаниялық Паула Бадосамен кездескенде. Бірінші сетте жерлесіміз 7:5 есебімен жеңді, ал екінші сетте испаниялық теннисші кездесуді жалғастырудан бас тартты. 

Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Беделді жарыстың ширек финалына шығу үшін Путинцева америкалық Элисон Рискемен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы