Тоқаев Қазақстан қандай салаларға инвестиция тартуға мүдделі екенін айтты

27 Қаңтар 2022, 18:06
1293
Бөлісу:
Тоқаев Қазақстан қандай салаларға инвестиция тартуға мүдделі екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде айтты. 

Біздің елдердерің дамуындағы маңызды бағыттардың бірі өзара инвестиция алмасу болып есептеледі. Қазақстан одан әрі де инвестициялық мақсаттарды толық ауқымда орындай береді. Жалпы инвестициялық климаттың жақсаруы «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына енетін маңызды бағыт болып есептеледі. Біз тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, фармацевтика саласы сынды әлеуетті салаларға инвестиция тартуға мүдделіміз, - деді Мемлекет басшысы. 

Ол атағандай, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан әріптестеріне  «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңын ұсына алады. 

Ол ағылшын құқығы негізінде жұмыс істеп жатыр. Әлемдік стандарттарға жауап бере алады, - деді Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы