Тоқаев: Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын

2 Қазан 2022, 19:31
1079
Бөлісу:
Тоқаев: Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы – еліміздің егемендігі. Шын мәнінде біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ, - дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телеграм арнасында жарық көрген бейнероликте.

Сондай-ақ Президент өзін бірінші кезекте не толғандыратынын айтты.

Мені ең алдымен халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады. Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі мемлекетімізді қорғап қалу мен үшін аса маңызды. Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы