Тәртіпсіздікте қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиелерін кешіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр - Терентьев

20 Қаңтар 2022, 16:42
1088
Бөлісу:
Тәртіпсіздікте қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиелерін кешіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр - Терентьев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Тәртіпсіздіктерде қаза тапқан әскери қызметкерлердің несиелері кешірілді. Осындай жұмыс бейбіт тұрғындар бойынша да жүргізіліп жатыр.  Қазіргі таңда агенттік осы жұмысты жүзеге асырып жатыр, - деді ол. 

Терентьевтің айтуынша, несие тәртіпсіздік кезінде жәбір көрген заңды және жеке тұлғаларға шегеріледі. 

Төтенше кезінде төленбеген несиелерге айыппұл қосылмайды, - деді ҚР ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Өзгелердің жаңалығы