Танымал ұстаз, имам Бауыржан Әлиұлы қайтыс болды

14 Мамыр 2022, 10:38
6749
Бөлісу:
Танымал ұстаз, имам Бауыржан Әлиұлы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ұстаз, ғалым Бауыржан Әлиұлының қайтыс болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаралы отбасына көңіл айтты деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым, ұстаз Бауыржан Әлиұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Бұл – діни саладағы барша қызметкерлер үшін үлкен қайғы. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, діни саладағы барша қызметкерлерге, өзімнің және ҚМДБ ұжымы атынан қайғыра көңіл айтамын. Оның әсерлі уағыздары мен пайдалы дәрістері шәкірттердің жадында мәңгі қалады деген сенімдемін. Алла Тағала Бауыржан Әлиұлы бауырымызды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлегей! Жаратушы Иеміз артында қалған отбасы мен туыстарына көркем сабыр нәсіп етсін! Әмин, - делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Айта кетейік, Бауыржан Әлиұлының жаназасы бүгін сағат 13.00-де Алматы қаласының іргесіндегі жоғарғы Қаскелең трассасы, Здоровье аялдамасы маңында орналасқан қара шаңырағында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы