Студенттер қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты ма? – БҒМ жауап берді

17 Қаңтар 2022, 13:37
1088
Бөлісу:
Студенттер қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты ма? – БҒМ жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған студенттерге қатысты сұраққа жауап берді.

Елдегі тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталған студенттер жайлы ақпарат бар ма? – деп журналист БҒМ өкіліне сұрақ қойды.

Өз кезегінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев былай деп жауап берді.

Бізде тәртіпсіздік кезінде ұсталған немесе қатысқан студенттер туралы ресми ақпарат жоқ. Елде тәртіпсіздік болған кезде студенттер демалыста, каникулда болды. 5-6 мыңға жуық студент жатақханада болды. Оның көбісі шетелдік азаматтар, - деп айтты ол.

Тойбаев осы сұраққа қатысты БҒМ-де ресми мәлімет жоқ екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы