Смайылов: 2025 жылға қарай Ақтөбеде 39 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады

25 Қаңтар 2022, 09:54
1232
Бөлісу:
Смайылов: 2025 жылға қарай Ақтөбеде 39 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады

«Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Батыс өңірлердің ерекшеліктері мен олардың ел экономикасының дамуына қосып отырған үлесін ескеретін болсақ, аталған облыстарды әлеуметтік-экономикалық жағынан  әрі қарай дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту өте өзекті мәселе болып табылады. Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша кешенді жоспарлар өткен жылы қабылданған болатын. Оларды тағы да бір пысықтап, қосымша қаржыландыру қажет болды, - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өңір жоспарлары бүгін бірінші рет бекітуге ұсынылып отыр.

Кешенді жоспарлар экономиканың жекелеген салаларын дамытуға ғана емес, сондай-ақ сапалы сумен қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімді болуы, жаңа жұмыс орындарын құру сияқты маңызды мәселелерді шешеуге бағытталуы тиіс. Мәселен, Ақтөбе облысында өнеркәсіп көлемін 2025-ші жылға қарай 2,8 трлн теңгеге дейін арттыру және қосымша 39 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, - деді ӘлиханСмайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысының мәлімдеуінше, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 мың шақырымнан астам электр желілері жаңғыртылады.

Бұл желілердің тозуын айтарлықтай азайтады. 38 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Шамамен 2,1 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр, -дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы