СІМ-де Мемлекеттік Елтаңба авторымен кездесу өтті

25 Мамыр 2022, 00:17
1726
Бөлісу:
СІМ-де Мемлекеттік Елтаңба авторымен кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Сыртқы істер министрлігінде Мемлекеттік елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтің ведомство және Қазақстанның шет елдердегі мекемелері қызметкерлерімен кездесуі өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға жазушы Жолтай Әлмашұлы да қатысты.

Іс-шарада сөз алған ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Асқар Абдрахманов биыл 4 маусымда Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толатынын, бұл тәуелсіз мемлекетіміздің дипломатиялық қызметінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті және оларды ел ішінде және шет елдерде де насихаттаудың маңызы туралы айтты.

СІМ-де Мемлекеттік Елтаңба авторымен кездесу өтті

«Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» өткізген жиынның бас қонағы Жандарбек Мәлібеков Елтаңбаның жасалу тарихына тоқталды және онда бейнеленген  әрбір символдың сырын ашып, мән-мағынасын түсіндіріп берді. Сәулетші елордадағы көптеген жобаларды жүзуге асыруға асырғанын жасағаны туралы әңгімеледі.

Өз кезегінде жазушы Жолтай Әлмашұлы мемлекеттік рәміздердің ел имиджін нығайтудағы рөліне тоқталды.

Орын алған пікір алмасу барысында әйгілі сәулетші кездесуге қатысушылар қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Дипломаттардың атынан Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев сөз сөйлеп, мазмұнды кездесу үшін қонақтарға және ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы