Шымкенттегі құлаған шатырдан зардап шеккендер жоқ - ТЖД

21 Мамыр 2022, 22:19
1381
Бөлісу:
Шымкенттегі құлаған шатырдан зардап шеккендер жоқ - ТЖД

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионындағы оқиғаға байланысты қалалық ТЖД қоғаммен байланыс қызметі жағдайды баяндады.

2022 жылғы 21 мамыр, сағаи 21:20-да Шымкент қаласында қатты желден Қажымұқан стадионындағы бас ғимараттың  шатыры ұшып кетті. Желдің жылдамдығы 20м/секундына жетті. Желден ұшқан шатырдың аумағы шамамен 400 ш.м болады. Жалпы ауданы 900 ш.м екен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері құлаған шатырды жинап жатыр - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізде болса, бұған дейін «Ордабасы» - «Аксу» футбол командаларының ойыны кезінде ғимараттың шатыры ұшып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы