Шымкентте дәріхана ғимаратындағы жарылыстан бір адам қаза тапты

21 Мамыр 2022, 14:08
1585
Бөлісу:
Шымкентте дәріхана ғимаратындағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Шымкентте ауруханааралық дәріхана ғимаратында болған жарылыста бір адам қаза тапты. Ол жарылыс болған ғимарат жанындағы Түркістан облыстық перинаталды орталықтың қарауылы екен. Мұны Шымкент қаласы ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаев хабарлады.

Оқиға 2022 жылғы 21 мамырда болды. Шымкент ТЖД-ға сағат 11:36-да хабарлама келіп түскен.  

Шымкент қаласындағы  Ғ.Ілияев көшесі, 142 мекенжайда орналасқан ауруханаралық дәріхана ғимаратында жарылыс болғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар дер кезінде жетті. Ғимарат ауданы 360 шаршы метр екен. Жарылыс 130 шаршы метрін қамтыған. Екі қабатты ғимараттың жартысы жарылған. 55 шаршы метрін өрт шарпыған. Жарылыс салдарынан ғимарат жанындағы Түркістан облыстық перинаталды орталықтың қарауылы зардап шегіп, қаза тапты. Бұл ғимарат перинаталды орталыққа қатысы жоқ. Жанында орналасқан жеке көрші ғимарат. Иесінің айтуынша, ғимарат ішінде түрлі медициналық ерітінділер дайындалған. Шымкент қаласы Полиция департаментімен тексеру жүргізіп жатырмыз. Материалды шығын мен себебін әзірге айта алмаймыз. Газ баллоны жарылған не жарылмағанын әзірге айта алмаймыз. Тексеру жүріп жатыр. Перинаталды орталықтағы 100-ден астам ем алушы қауіпсіз жерге көшірілді, – деді Мадияр Жақсыбаев.

Өзгелердің жаңалығы