ШҚО-да браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіленді

14 Мамыр 2022, 02:25
1494
Бөлісу:
ШҚО-да браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Нерест – 2022» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Полицейлер браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі.

Операция басталғаннан бері ШҚО-да балық ресурсын заңсыз аулаған 195 жағдай анықталды. 187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, – деді ШҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Жалпы «Нерест» ЖПІШ кезінде полиция құқық бұзушылардан 2 тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы 10 млн теңгеден асты.

Өзгелердің жаңалығы