Шомылу маусымы басталмай жатып 25 адам суға кеткен

16 Мамыр 2022, 12:50
1399
Бөлісу:
Шомылу маусымы басталмай жатып 25 адам суға кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы   ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Адамдардың суға кетуін алдын алу бойынша, оның ішінде балалар арасында қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу аса маңызды. Халықтың судағы қауіпсіздік әдебін қалыптастыру мақсатында еліміздің оқу орындарында 1,5 млн адамды қамтыған 800-ден астам интерактивті сабақ өткізілді. Суда адамдардың қаза болуына жол бермеудің негізгі шарасы – шомылуға тыйым салынған орындарда рейд жүргізу. Қазірдің өзінде 17 мыңнан астам рейд жүргізілді. Оның нәтижесінде 118 азамат жауапкершілікке тартылды, - деді ол. 

Сыздықов атағандай, шомылу маусымы бастамласа да 7 адам құтқарылған. 

Оның ішінде екеуі бала. Бұдан басқа «2GIS» картографиялық платформасында еліміздің барлық өңірлеріндегі су айдындарында шомылуға тыйым салынған (4994) және рұқсат етілген (490) орындар туралы мәліметтер орналастырылған.

Ол атағандай,  қайғылы оқиғалар да тіркелген. 

Бүгінгі күні, өкінішке орай, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркеліп отыр, қаза болған 25 адам (2021 ж. – 26, 4% - ға төмендеді), оның ішінде 3-і бала (2021-13, 4,3 есеге аз), - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы