Шетелдегі студенттерді Қазақстанға қайтару бойынша СІМ жұмыс істеп жатыр – БҒМ

17 Қаңтар 2022, 13:49
1250
Бөлісу:
Шетелдегі студенттерді Қазақстанға қайтару бойынша СІМ жұмыс істеп жатыр – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев шетелден келе алмай қалған студенттерге қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Шетелден (Моңғолия, Қытайд Түркіменстан, Түркия) келе алмай қалған студенттердің оқуы қалай шешіледі? Мысалы, Яссауи университетінің студенттері І тоқсанды онлайн оқыды. Енді студенттердің емтиханы басталып, оны офлайн тапсыру міндеттеліп жатыр екен. Алайда студенттер әлі Түркістанға барып үлгермеді. Осы ретте бұл проблеманы қалай шешуге болады? Студенттерге емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндік бар ма? – деп редакциямыз сауал жолдады.

Өз кезегінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев осы сұраққа қатысты пікірін айтты. 

Шетелдегі студенттерді Қазақстанға қайтару бойынша әріптестеріміз, Сыртқы істер министрлігі жұмыс істеп жатыр. Әрине әрбір жоғары оқу орнының өзінің академиялық саясаты, шешім қабылдау бостандығы бар. Менің ойымша, әрбір ЖОО осы факторды ескере отырып, жұмыс істейді. Бірақ атап өткеніміздей, екінші семестр офлайн режимде басталады, - деп жауап берді ол.

Бұған дейін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры студенттер екінші семестрде қалай оқитыны туралы мәлімет берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы