Семейлік азаматтан бір келі марихуана тәркіленді

26 Мамыр 2022, 08:33
973
Бөлісу:
Семейлік азаматтан бір келі марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейлік азаматтан бір келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының басында Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 45 жастағы қала тұрғынының есірткінің заңсыз айналымымен айналысу фактісін анықтады. Санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктінің тұрғылықты жері бойынша мата түйіншегі мен ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар 15 полимерлі түйіншегі бар полиэтилен пакет табылып, алынды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар жалпы салмағы бір келі кептірілген марихуана екені дәлелденді.

Полицейлер ер адам аталған өсімдікті одан әрі сату мақсатында өзен жағасынан жинап алғанын анықтады. Күдікті есірткіні ұзақ уақыт бойы сатумен айналысқан екен. Ол өзінің заңсыз кәсібін белшесінен батқан қарыздарын жабу үшін жасап жүргенін айтқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы