Саяси реформалар тікелей экономикаға әсер етеді – ҰКП

24 Мамыр 2022, 11:42
1296
Бөлісу:
Саяси реформалар тікелей экономикаға әсер етеді – ҰКП
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров кәсіпкерлермен кездесудің кулуарында айтты. 

Саяси реформалар тікелей экономикаға әсер етеді. Себебі кәсіпкерлерге де әсер ететін заңдарды қабылдайтын Парламентті сайлау, кәсіпкерлер азаматтар сияқты Конституциялық сотқа шағымдануы сынды өзгертулер бар. Жалпы барлық реформа экономикаға әсер етеді. Экономиканы заң реттейді. Ал заңды Парламент қабылдайды, - деді ол. 

Өстеміров атап өткендей, өзгерістер аясында Парламент депутаттары өздерінің сайлаушыларына есеп береді. 

Егер белсенділік танытпай, дұрыс жұмыс істелмесе кәсіпкерлер тұрғындар сияқты депутаттың Парламенттен кетуіне ықпал ете алады. Қазір елімізде 1,5 млн кәсіпкер тіркелген. Оның 1,4 миллионы белсенді кәсіпкер деп айтсақ та болады. Қазақстанның болашағы мен тағдырына салғырт қарамайтын барлық кәсіпкер референдумға қатысып, дауыс беруі керек деп ойлаймын. Табиғи байлықтарды да халық басқарады. Олардың барлығы заң деңгейінде жүзеге асырылуы керек, - деді Ербол Өстеміров. 

Өзгелердің жаңалығы