Сауалнама: Елордалықтар Тоқаевтың бастамаларына қатысты пікірлерін білдірді

17 Қаңтар 2022, 19:05
1220
Бөлісу:
Сауалнама: Елордалықтар Тоқаевтың бастамаларына қатысты пікірлерін білдірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, Үкіметке бірқатар тапсырма берген болатын. Президенттің бастамаларына қатысты елорда тұрғындарының пікірін білдік.

Өздеріңіз білетіндей, Президент Парламентке Үкіметтің жаңа құрамы туралы ұсыныс енгізіп, әлеуметтік-экономикалық саладағы өткір мәселелерді шешу туралы нақты тапсырмалар берген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің отырысында мынадай мәселелерді көтерді:
- Утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» жұмысын тоқтату;
- LRT жобасы;
- Депутаттар, министрлер мен әкімдердің жалақын өсіруге 5 жылдық мораторий;
- Халықтың әлеуметтік жағдайы, табысы;
- Білім саласындағы проблемалар;
- Ауылшаруашылық саласы, қуаңшылық мәселесі;
- Жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру, т.б.

Ел Президенті көтерген бірқатар маңызды мәселеге қатысты елорда тұрғындары мен қонақтары пікірлерін білдірді.

Видео: Нұрасыл ЕРЖАНОВ
Өзгелердің жаңалығы