Саммит алаңы Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуі керек – Президент

27 Қаңтар 2022, 17:23
3148
Бөлісу:
Саммит алаңы Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуі керек – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде айтты. 

Қазіргі көрсеткіштер біздің елдердің экономикалық әлеуетіне сай емес. Меніңше осы «Орталық Азия – Үндістан» саммитінің алаңы елдер арасындағы даму мен жаңа сынақтарға тиімді жауаптарды әзірлеу бағытында жұмыс істеуі керек. Осы орайда бұл пікір алмасатын бірегей формат біздің елдер арасындағы  ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығарады деп ойлаймын, - деді Президент. 

Айта кетейік, саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары қатысып жатыр. 

 

Өзгелердің жаңалығы