Рейстен кешіккен жолаушы ұшақта бомба бар деп алдаған

2 Қазан 2022, 03:31
1100
Бөлісу:
Рейстен кешіккен жолаушы ұшақта бомба бар деп алдаған

102 операторына белгісіз ер адам хабарласып Астана-Талдықорған бағытындағы ұшақта жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біраз уақыттан кейін ол қайта қоңырау шалып, бұл әзіл екендігін айтқан.

Ақпаратты алғаннан кейін барлық жедел қызметтер шұғыл түрде оқиға орнына жеткен.

Көлік полициясының қызметкерлері 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қоңырау шалған адамның Талдықорған қаласына ұшпақ болғандығы анықталды. Алайда рейске кешігіп, ол осылайша уақыт созбақ болған, – делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 273-бабының 1-бөлігі бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) тіркелді. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы