Республиканың 5 өңірінде ауа сапасы нашарлайды

27 Сәуір 2022, 06:40
1096
Бөлісу:
Республиканың 5 өңірінде ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

27 сәуірде Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы