Қызылордада полиция ғимаратына шабуыл жасаған 3 адам ұсталды

16 Мамыр 2022, 20:18
1563
Бөлісу:
Қызылордада полиция ғимаратына шабуыл жасаған 3 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен бірге 5 қаңтарда адамдар тобы болып жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорданың үш тұрғынын ұстады. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы