Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды

4 Шілде 2022, 09:45
5484
Бөлісу:
Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР-дың Су шаруашылығы министрлігі мен Метеорология басқармасы елдің оңтүстігіндегі таулы өлкеде сел жүру қаупі туындауына байланысты қызыл деңгейлі төтенше жағдай жариялады.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Метеорологтердің мәліметінше, 2 шілде күні 20:00-ден бастап Гуандун провинциясының батыс бөлігі мен Гуанси-Чжуан автономды өлкесінің шығысындағы кей жерде тауда сел жүру қаупі артқан. 

Жергілікті билікке бақылауды күшейту және су тасқыны, сел бола қалған жағдайда алдын ала хабарлауға мұқият дайын болу тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге дайындалу ескертілді. 

Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және ең жоғарғы қызыл деңгей.

Өзгелердің жаңалығы