Қырғызстанның білім министрі параға алған 37500 долларды қайтарды

1 Қазан 2022, 14:05
925
Бөлісу:
Қырғызстанның білім министрі параға алған 37500 долларды қайтарды

Қырғызстанда  ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінген білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиевке қатысты қылмыстық істі тексеру жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

"Кабар" агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, ішкі істер министрі азамат А.Б.-ға қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз болғандығын мәлімдеді. Шенеуніктің үстінен ірі көлемде пара бопсалағандығы туралы арыз түскен.  

Тексеру барысында министрдің отандық жоғары оқу орнына шетелдік студенттерді түсіру үшін пара алғандығы белгілі болды. 

Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде - 110 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғандығы нақтыланды. Тексеру процесінде ол 37 мың 500 долларды қайтарды. Қалған ақшаны жақын арада қайтаруға уәде берген.  

Тексеру жалғасып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы