Қилымжанов Бас прокуратураға азаматтардың құқықтарын бұзу дерегі бойынша қанша арыз түскенін айтты

22 Қаңтар 2022, 16:45
1975
Бөлісу:
Қилымжанов Бас прокуратураға азаматтардың құқықтарын бұзу дерегі бойынша қанша арыз түскенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның  бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бір қылмыстық іс бойынша бірнеше дам, яғни сыбайлас қатысушылар болуы мүмкін. Бұл деректер әлі де түпкілікті зерттелмеді. Атап айтқанда сот шешімі бойынша 29 ұсталған адам босатылды. Прокурорлар қамауға алынғандардың ұстау мекемелерін тексеруде. Біз адамдарды ұстауға негіз болмауына байланысты 96 адамды уақытша изоляторынан босаттық, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, прокурорлар Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторын тексеру барысында 73 дене жарақаты бар адамды анықтады.

Олардың үшеуіне қатысты бұлтартпау шаралары өзгертілді. Олар қазір бостандықта. Біздің нұсқаумен ұсталғандардың арасында оқ жарақатын алған 29 адам қалалық ауруханаға жатқызылды. 41 қамауға алынғандардың жарақаттарының ауырлығын ескере отырып, изоляторда ем алып жатыр, - деді ол. 

Елдос Қилымжановтың айтуынша, уақытша ұстау изоляторына адам құқығын қорғау өкілдерінінің кіруіне рұқсат берілген. 

Бүгінде прокуратура органдарына азаптау және полиция қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу дерегі бойынша 91 арыз  түсті. 19 арызда көрсетілген заң бұзушылық расталмады. Ал 56-сы бойынша тексеру жалғасып жатыр. Кейбір жағдайларда азаматтардың құқықтарын бұзу фактілері расталды. Мысалы, 16 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз отырған 24 адамды босатты. Бұл бойынша арнайы істер жүргізіліп жатыр, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы