«Қазтелерадио» Басқарма төрағасы тағайындалды

20 Қаңтар 2022, 13:44
1164
Бөлісу:
«Қазтелерадио» Басқарма төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мирболат Хайратұлы Аюпов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Мирболат Хайратұлы Аюпов 1963 жылы 26 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Мәскеу инженерлік-физика институтының кибернетика факультетін бітірген.

1986 жылдары Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми және оқытушылық қызметтер атқарды.  

1998 жылдары «Алтел» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ компанияларында басшылық лауазымда болды. 

Әр жылдары «Транстелеком» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ін басқарды. Байланыс және телекоммуникация, сондай-ақ, телевизия технологиялары саласында  20 жылдан астам басшылық қызметтерді атқарып келді.

«Құрмет» орденінің, Қазақстан Республикасындағы басқа да бірқатар медальдар иегері,  «Құрметті байланысшы» деген атағы бар. 

Өзгелердің жаңалығы