Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті

17 Мамыр 2022, 01:40
1338
Бөлісу:
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер көлемі артты,- деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері 5%-ға, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 4%-ға ұлғайды. Төлемдердің жиынтық көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 9%-ға жоғарылады, – дейді еңбек министрлігі.

Өзгелердің жаңалығы