«Қазақстан халқына». Қорға қанша қаржы жиналғаны айтылды
17 Қаңтар, 13:45 1220

«Қазақстан халқына». Қорға қанша қаржы жиналғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді. 

17 қаңтар күні таңертең Қоғамдық қорға 6 519 қазақстандықтан 10.1 млн теңге түсті. «Қазақстан халқына» Қоры арқылы қайырымдылыққа «Kaspibank» АҚ және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 млрд теңге, «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ - 2 млрд теңге, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС - 350 млн теңге және басқа да заңды тұлғалар елеулі үлес қосты. Жалпы, заңды тұлғалардан 12.36 млрд теңге түскен.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ә. Смайыловқа және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Президенті Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлеріне бір күндік жалақыны аудару арқылы Қорға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз - делінген қоғамдық қор таратқан ақпаратта.

Қор басшылығы алынған барлық қаржы қаражатының толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталатын болады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді. 

Бизнес-қоғамдастық өкілдері, меценаттар және жанашыр азаматтар «Қазақстан халқына» қорының шотына келесі деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады:

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан халық банкі» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...