Қазақстан елшісі Дания патшайымына сенім грамоталарын тапсырды

23 Қаңтар 2022, 10:21
1428
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Дания патшайымына сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі және Дания Корольдігіндегі елшісі қызметін қоса атқарушы Сергей Нұртаев Дания Патшайымы Маргрета II сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Тапсыру рәсімі салтанаты «Амалиенборг» корольдік сарайында өтті.

Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздерін жеткізіп, Маргрета II таққа отыруының 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Патшайым барлық қазақстандықтарға ізгі ниетін білдіріп, Елшіге  Қазақстан мен Дания арасындағы қарым-қатынастарды нығайту жолында табысты және жемісті жұмыс тіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы