"Қазақстан Барысында" атыраулық қос палуан сынға түседі

3 Шілде 2022, 13:07
1308
Бөлісу:
"Қазақстан Барысында" атыраулық қос палуан сынға түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, яғни 3 шілдеде Астана күніне орай "Барыс-Арена" мұз сарайында қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" ХІ республикалық турнирі өтеді.

Республикалық дәстүрлі турнирде Атырау облысының екі палуаны сынға түседі, деп хабарлайды ATPress.kz. 

Олар - Закарияев Сұңғат (лақап аты: Байғана, Қазақ күресінен спорт шебері) пен Нұржан Байбосынов (лақап аты Абдуллах, Қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер). 

Жерлестерімізге сәттілік тілейміз. Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирінің жүлде қоры әдеттегідей, жеңімпаз балуанға 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқ» табысталады. 

Екінші орынға 5 500 000 және үшінші орынға 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы