Қарулы күштердің қатары жас офицерлермен толықты

3 Шілде 2022, 10:07
1548
Бөлісу:
Қарулы күштердің қатары жас офицерлермен толықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.   Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында жас мамандардың оқу бітіру рәсімі өтті.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарулы күштердің қатары жас офицерлермен толықты

Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігі мен әскери оқу орнының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ түлектердің туған-туыстары қатысты.

Әскери оқу орны 11 білім беру бағдарламасы бойынша оқытады. Еліміздің Қарулы күштерінің қатарын толықтыратын 250-ден астам жас офицер әскери мамандығын растайтын дипломдар алды. Сонымен қатар, институт ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін де офицерлік кадрлар дайындайды.

Қарулы күштердің қатары жас офицерлермен толықты

Қарулы күштердегі офицерлер корпусының даңқты дәстүрін жалғастырушылар ретінде сіздерге артар үмітіміз зор. Тәуекелге бел буып, аса күрделі жауынгерлік міндеттерді орындауға әрдайым әзір, жеке құрамға талап қоя білетін, әскери ар-намыс пен жауынгерлік дәстүрлерге адал нағыз командир болатындарыңа сенімдімін, – деп құттықтады Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

 Институттың Жауынгерлік туымен қоштасу құрметі оқу үздігі лейтенант Жамалбек Нұрбақытқа берілді.

Қарулы күштердің қатары жас офицерлермен толықты

Оқу орынның бес үздігі Әділет Мұхамеджанов, Әлихан Сапарбек, Нұрболат Жахантай, Дмитрий Фоменко және Еламан Амангелді Мемлекеттік рәміздер күні ел Президентінің қолынан лейтенант погонын алғанын айта кету керек.

Бүгін біз диплом мен офицерлік погондар алдық. Бұл өз жақындарымыздың ғана емес, ел алдында да үлкен жауапкершілік алуды міндеттейді. Командирлеріміздің сенімін ақтауға және Отанымыздың лайықты қорғаушысы болуға барынша тырысамыз, – деді лейтенант Диас Махмұт. 

Қарулы күштердің қатары жас офицерлермен толықты

Дәстүр бойынша шара жас лейтенанттардың офицерлік вальс биімен аяқталды. Жақын арада олар гарнизондарға аттанып, лауазымдық міндеттерін орындауға кіріседі.

Өзгелердің жаңалығы