Қарулы Күштерде жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі басталды

24 Қаңтар 2022, 20:40
1357
Бөлісу:
Қарулы Күштерде жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлімшелердің, есептоптар мен экипаждардың дайындығы – бөлімше құрамында әскери қызметшілерді үйлесімді іс-әрекетке үйретуге бағытталған іс-шаралар кешені.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылығына геосаяси жағдайды және аймақтық деңгейдегі өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштердің әскери дайындығы мен жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру міндетін қойды. 

Биыл бөлімшелердің жауынгерлік даярлық ерекшеліктерінің ішінде, атап айтқанда елді мекендерді қорғау және терроризмге қарсы операцияларға қатысу үшін бөлімшелерді қолданудың жаңа тәсілдерін енгізу де бар.

Әскери қызметшілер атыс, тактикалық даярлық және басқа да пәндер бойынша нормативтерді пысықтайды. Далалық жағдайда әрекет ету дағдылары, топтық тактикалық міндеттерді шешу жолдары меңгерілетін болады. Оларды орындау сапасын жеке құрам мен бөлімшелердің дайындық деңгейі анықтайды.

Бөлімшелердің, есептоптардың және экипаждардың дайындығы биыл 5 ақпанға дейін өтеді. Әскерлерді оқытудың кезекті кезеңі жауынгерлік атыстармен және кешенді тактикалық-арнайы сабақтармен аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы