Қаңтарда мобильдік аударымдарға арналған арнайы салық режимі енгізілді – Миятов

21 Қаңтар 2022, 16:42
1999
Бөлісу:
Қаңтарда мобильдік аударымдарға арналған арнайы салық режимі енгізілді – Миятов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

2022 жылдың қаңтарынан бастап мобильдік аударымдарға арналған арнайы салық режимі енгізілді. «E-salyq бизнес» мобильдік қосымшасы негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкеркерліктерге арналған.  Мобильдік қосымша салықтық міндеттемелерді жеңілдетеді. Оның қызметі ЖК ретінде тіркеуден өтуге, салық режимін таңдап, өзгертуге, чекті таңдауға, автоматты түрде кірісті есептеп, салықты есептеп береді, - деді ол. 

Миятов атағандай, қосымшаны барлық телефонға орнатуға болады. 

Бүгінгі таңда қосымшаны 7 мыңнан астам салық төлеуші пайдаланылады. Сондай-ақ қаңтардан бастап ҚҚС төлемі бойынша жеңілдетулер енгізілді. Бизнес субъектілерін қолдауға арналған шаралардың бірі аз габаритті фургондарға арналған салыққа қатысты болып отыр. Салық осыған дейін қозғалтқыштың көлеміне қатысты болса, қазір ол жұк көлеміне қатысты болады, - деді Қайрат Миятов. 

Өзгелердің жаңалығы