Пробация есебіндегі сотталғандар музейге экскурсия жасады

30 Маусым 2022, 21:35
1114
Бөлісу:
Пробация есебіндегі сотталғандар музейге экскурсия жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шиелі аудандық пробация қызметі  мен аудандық Жастар ресустық орталығы  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне эскурcиялық шара ұйымдастырды, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД.

Музей қызметкерлері пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға күріштің бабын тауып, баласындай мәпелеп, дүниежүзілік рекорд жасаған қазақтан шыққан диқан Ыбырай Жақаев  атамыздың еңбегі мен жеткен жетістіктері, бүкіл ғұмырында тұтынған заттарымен таныстырды.

Бүгінгі шарадан керемет әсер алдым. Музейдің үш залын аралап, диқан атамыздың еңбектегі жемісті, жеңісті жолдарынан көп мағұлмат білдім.  Музей ұжымына алғысым шексіз,-деді есептегі азамат. 

Өзгелердің жаңалығы