Петропавл жылу электр орталығындағы түтін мұржасы толық бұзылатын болды

28 Мамыр 2022, 12:40
1199
Бөлісу:
Петропавл жылу электр орталығындағы түтін мұржасы толық бұзылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Петропавлда ЖЭО-ның жартылай құлаған түтін мұржасы толығымен бұзылатын болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

 Екі айдан астам уақытқа созылған сараптама қорытындысы оны қалыпқа келтіру мүмкін еместігін көрсеткен. 

Қайта көтеріп тұрғызуға жарамайды. Стратегиялық нысан 1961 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әбден ескірген. Қазір ЖЭО-дағы 11 қазандықты қалған екі мұржаға қосу үшін қажетті техникалық шешімдер қарастырылып жатыр. Негізінен қыста қаланы тиісті деңгейде жылыту үшін 9 қазандық жұмыс істеп тұруы керек. Ал күн суытқан кезде 10-ға жеткізіп, тағы біреуі резервте болуы шарт. Қаражат бар. Орталықты инвесторлар толықтай өз ақшасына жөндейді. Ол шамамен - 17,5 млрд теңге. Ал тарифті әзір өсірмейміз. Тұрғындар негізінен осы мәселеге алаңдаған еді. 587 тонна болатын мұржа керек болған. Ол табылды. Ал қазандықтарды Петропавлда, Теміртауда және Екібастұзда бөлек-бөлек жөндейміз. Бұған дейін біз оларды 3-4 жылда қайта қалпына келтіреміз деп ойған едік. Енді бұл шаруаларды кейінге қалдыруға болмайды, - деді Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы