Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті

16 Мамыр 2022, 14:44
1238
Бөлісу:
Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Ақпаратқа сәйкес, 15 мамырда сағат 18.17-де Павлодардағы 103 қызметіне қала тұрғындары қоңырау шалып, Толстой көшесі, 90 мекенжайында орналасқан үйдің тоғызыншы қабатынан кішкентай қыз құлап кеткен.

Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнында болды. Жедел жәрдем сәбиді шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген қыз ауруханаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежеде соғылуы, мидың ісінуі диагнозымен түскен. Сонымен қатар 3-дәрежелі кома күйде болған, өкпесіне, бүйрегіне зақым келген, бауыры жыртылған, 3-дәрежелі зақымданудан шок алған, қан ұюы бұзылып, ауыр дәрежеде қаназдыққа шалдыққан.

Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.Бір жарым жасқа толмаған қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы