Павлодарда 10 тонна өсімдік майын тиеген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті

28 Мамыр 2022, 21:40
1789
Бөлісу:
Павлодарда 10 тонна өсімдік майын тиеген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 10 тонна өсімдік майын тиеген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті. Оқиға сағат 12:06-да Успенка ауылының маңындағы республикалық маңызы бар Павлодар – Успенка – РФ тас жолында орын алды, деп хабарлайды Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Далада 2004 жылы шыққан KRONE ZZF18 маркалы ауыр жүк көлігінің қаптамамен оралған тіркемесі толығымен жанып кетті. Онда 20 шаршы метрді алған пластикалық ыдыстардағы 10 тонна өсімдік майы тиелген еді. Барлығы түгі қалмай өртенді, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 13:50-де сөндірілді. Жүк Новосібірден Бішкекке Қазақстан шекарасы арқылы кетіп бара жатқан.

Сонымен қатар, аймақта екі орында құрғақ шөптің өртенуі орын алды. Қызыл жалын бірінде 500 шаршы метр аумаққа тараса, екіншісінде 4 гектар жерді қамтыды.

Өрт сағат 14:40-та жойылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталады.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының алты адамы мен екі техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы