Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары қамауға алынды

14 Мамыр 2022, 12:42
1735
Бөлісу:
Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары қылмыстық топ құрамында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Павлодарда өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті.

Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соталды тергеу жүргізіп жатыр, біздің қызметкерлер де жедел-тергеу тобына кіреді. Алғашқы тергеу нәтижелеріне сәйкес оның қаржы жымқыру дерегіне қатысы бары анықталды. Бүгінде ол қамауға алынды, – деді Ахметжанов.

ІІМ министрі тергеу мәліметтері бойынша, полиция қызметкерлері полиция департаментінің қажеттіліктері үшін материалдық-техникалық құралдарды сатып алу кезінде қаражат жымқырған.

Осы жабдықты сөз байласып жеткізген бірқатар кәсіпкерлер де ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, – деді Ахметжанов.

Күдіктілердің арасында Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов те бар.

Тергеу барысында жаңа деректер анықталып жатыр. Департаменттің бұрынғы басшысы да осы қылмыстық әрекеттерді жасады деген күдікке ілінді, – деді Ахметжанов.

Өзгелердің жаңалығы