Өскеменде тағы бір жаңа саябақ ашылмақ
14 Мамыр, 23:38 614

Өскеменде тағы бір жаңа саябақ ашылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласындағы 19-шағын ауданды абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс.

Ол жерде бұған дейін «Өскемен» аллеясы салынып, Тәуелсіздік монументі бой көтерген.

Биыл аталмыш шағын ауданда тағы бір демалыс аймағы ашылмақ. Жаңа саябақ Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың есімімен аталады.

Осы күні ол жерде жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Бір жарым ай ішінде жаңа саябақтың құрылысы аяқталады деп жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімі Жақысылық Омар.

Жаңа демалыс аймағы «Өскемен» аллеясының жалғасы болмақ.

Саябақтың ауданы-1,5 гектар. Бұл аумақта жарықтандыру тіректері орнатылып, 370 ағаш отырғызылып, төрт субұрқақ салынды, олардың екеуі жаяу жүргіншілерге арналған.

Жаңа саябақ «Өскемен» аллеясының жалғасы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...