Өскеменде аулаларды абаттандыру үшін миллиардқа жуық қаржы бөлінеді

23 Мамыр 2022, 20:30
1346
Бөлісу:
Өскеменде аулаларды абаттандыру үшін миллиардқа жуық қаржы бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында "Халық қатысатын бюджет" жобасын жүзеге асыруға миллиардқа жуық қаржы жұмсалмақ, деп хабарлады Алтайньюс.

Қазіргі уақытта балалар алаңдарын жабдықтау жұмыстары басталды. Сондай-ақ, қала билігі тротуарлар төсеп, көшелерді жарықтандыру және ауыстыруды жоспарлап отыр.

Бұл жұмыстар үшін "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында 900 миллион теңге бөлінді. Оның ішіне тротуарлар, балалар алаңдарын орнату, көше жарығын ауыстыру және басқа да жобалар кіреді. Айта кету керек, бұл жобалар өткен жылы дауыс беру нәтижесінде анықталған болатын,-деді Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш жоба аясында биыл барлығы 11 балалар алаңы, бір футбол-хоккей қорабы мен сквер салынады. Кешенді абаттандыру жұмыстары 14 аулада жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы